Балаларға мысықтың етін берген Сманов қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

Сот анықтағандай, ол созылмалы және психикалық аурумен ауырады

Арман Қайыпхан

  • 18.06.2024

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында Ұлықбек Смановқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Қалалық сот хабарлағандай, мамандандырылған ауданаралық сотта ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау), ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) ,2) тармақтары (азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы өтінішхатымен келіп түскен қылмыстық іс қаралды.

«Сот анықтағандай, сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, У.Сманов созылмалы және психикалық аурумен ауырады және өз іс-әрекеттерін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болған. Бұл жағдай заң бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартуды жоққа шығарады. Сот ҚК-нің 16-бабына сәйкес У.Смановты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеуге мәжбүрлеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ Шымкент қалалық полиция департаментіне балаларды психикалық аурумен ауыратын адамның қамқорлығына беру фактісі бойынша жеке қаулылар шығарылды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шымкентте жетім балаларды жылдар бойы қорлап, мысықтың еті мен зәрін берген Ұлықбек Сманов деген емшінің 6 баланы қалай және қайдан асырап алғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бұған дейін асырап алған балаларына қорлық көрсеткен «жындыханадағы» емші Ұлықбек Смановтың 4 жастағы егіздері туралы жаңа мәліметтер белгілі болды.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды