"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған

Сұлу Бөлек

  • 25.04.2025

Блогер Мұрат Әбділданың авдокаты тосын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Заңгер Молдахан Әділетхан блогердің тәртібі туралы пікір білдірді. 

"10 сәуірде қамалуы керек болған. Оған қамалатынын ескерттік. Бірақ ол соттан қашты. Бәріне өзі кінәлі. Қайтадан ішіп кетті", – деді заңгер. 

Адвокат блогердің әйеліне де қатысты тың ақпаратты жариялады. 

"Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Ол да алаяқтық бойынша істі болған. Отырып та шыққан. Бізбен Әсел деп танысты, бірақ аты басқа болып шықты. Ол да профилактикалық тексеруде жүр. Мұрат "ұрды, соқты" деп бірнеше рет арыз жазған. Екеуі де білгенін істеп жүрді. Мұрат та тыныш жүрген жоқ. Оның үйіне дейін барып, тыныш жүр деп айтқанбыз. Тіпті, әйелі бізді алдамақ болды. Сол түбіне жетті. Еңіреп өтірік жыламай-ақ қойсын. Өзі 102-ге хабарласып, арыз жазған. Анасына обал болды. Өте жақсы кісі. Кейінгі уақытта анасымен де хабарласпаған. Екі апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа адам болып шықты", – деді Молдахан Әділетхан. 

Фото: Vk.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз