Баянауылда қарақұрт қаптап барады

Шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды

Malim Админ

  • 06.08.2024

Павлодардың Торайғыр көлінің аумағында қарақұрт көбейіп бара жатыр. Ұлттық парк қызметкерлері осы жағдайға алаңдаушылық танытып отыр. Қызметкерлер оларды күн сайын қолмен жинап, жойып жатқанымен одан келген нәтиже көңіл көншітпейді.

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев жергілікті ұлттық парктің және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қарақұрттардың мекендейтін жерлерін зерттеу үшін Торайғыр ауылына барды.

«Зерделеу барысында Торайғыр көлінің бойындағы шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды. Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашылық жасады. Одан соң Торайғыр ауылында қарақұрттың таралуына қатысты кезектен тыс жиын өткізілді. Онда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым бөлімінің қарақұрттарға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндалып, қауіпті жәндіктің әрі таралуы бойынша болжамдар мен оларды жою әдістері қарастырылды», - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жағдайға толықтай талдау жүргізілуде және қарақұртпен күрес бойынша жедел шаралар қабылдау үшін Торайғыр ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау мәселесі қаралып жатыр.

Фото: commons.m.wikimedia.org

Байланысты жаналықтар

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

07.04.2025

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

28.03.2025

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

25.03.2025
MalimBlocks
Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

Павлодар маңында 44 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге он сағатқа жуық уақыт кетті