Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль 22 тамызда Киевке сапары кезінде Украинаға қосымша 60 млн еуро көмек бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оның 50 млн еуросы БҰҰ мен үкіметтік емес ұйымдарға беріліп, майдан шебіне жақын өңірлердегі тұрғын үйді жөндеу, жылыту және медициналық көмекке жұмсалады. Қалған 10 млн еуро НАТО қорына бағытталып, энергетикалық ресурстар, қажетті жабдықтар және дрондардан қорғанысқа жұмсалады.
Вадефуль АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу мәселесін де талқыламақ.
Украина СІМ басшысы Андрей Сыбига Германияны елдің негізгі донорларының бірі деп атады. Оның айтуынша, толық ауқымды соғыс басталғалы бері Германия Украинаға 65 млрд еуро бөлген.