freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

23 тамызда елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді

Қоғам
23 тамызда елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді
Фото: magnific.com

«Қазгидромет» 23 тамызға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райы күтілетіні туралы дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыстың бірқатар аумағында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Алматыда жаңбыр мен найзағай болжанып, Іле Алатауының таулы аймақтарында кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Түркістан облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Ақтөбе облысында жел күшейіп, өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы және Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы ықтимал.

Астанада жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы +35°C-қа дейін көтерілсе, Маңғыстауда күн +38…+42°C-қа дейін ысиды. Өңірлерде өрт қаупі өте жоғары.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын, бұршақ пен шквал болжанады. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы мен таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай болжанады. Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу