Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген.

Malim Админ

  • 18.04.2024

2022 жылы 17 қазанда экс-министр Қуандық Бишімбаев пен СалтанатНүкенованың некесін қиған  республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бишімбаев пен оның марқұм әйелі Нүкенова заңды түрде некелеспеген. Бірақ олар екі рет бір мешітке барған және екі рет имам мұсылманша некелерін қиып берген. Бұл туралы Бишімбаевтың сотында айтылған.

2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен олардың некелері қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде, олар «жасалып жатыр» деп жауап берген. Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды», - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы facebook-парақшасында.

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып-соғып өлтірген. Оның соты жоғарғы соттың тікелей эфирінде өтіп жатыр.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025
MalimBlocks
LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек