Бишімбаевтың Салтанатты тепкілеп жатқан видеосы көрсетілді

Астанада «әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді»  деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Прокуратураның бастамасымен сот материалдарының видеосы қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Malim Админ

  • 03.04.2024

Сот барысында прокурорлар сот материалдарының видеосын көрсетті. Видеокадрларда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың ұзақ дауласып, қарым-қатынасын реттей алмай жатқанын көруге болады. «Бау» мейрамханасынан екеуі бірде шығып, қайта кіреді. Кіреберісінде ұзақ әңгімелеседі.

Видеолардың бірінде жерде жатқан Салтанатты Бишімбаев аяқпен тебеді, шашынан тартып тұрғызып, қол жұмсайды. Қараңғы дәретханаға сүйреп алып кіреді.

Бұл кадрлар көрсетіле бастағанға дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді залдан шығып кетті.

Бейнежазбада Бишімбаевтың қандай күшпен соққы жасап, қайтыс болған адамды шашынан сүйреп апарып жатқаны айқын көрінеді. Ол қайтып оралып, тағы бір рет соққы жасайды. Оның (Салтанаттың) киімсіз жүргені көрінеді, - дейді прокурор.

Бишімбаев бұл бейнеге қорғаушыларының өтініші бойынша түсініктеме берді:

Мен тек алақаныммен, шапалақпен ұрдым, – дейді ол.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды