Болашақта қай аймақ соғыс алаңына айналуы мүмкін? Әскери сарапшы жауап берді
АҚШ-тың әскери бюджеті елдің геосаяси басымдықтарының Арктика бағытына ауысқанын көрсетеді. Мұндай пікірді әскери сарапшы Игорь Коротченко білдірді

АҚШ-тың әскери бюджеті елдің геосаяси басымдықтарының Арктика бағытына ауысқанын көрсетеді. Мұндай пікірді әскери сарапшы Игорь Коротченко білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Игорь Коротченко Пентагонның әскери шығыстарының бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсуі АҚШ-тың сыртқы саяси мүдектерінде басым бағыт ретінде Арктика мен Гренландияны иемдену мәселесінің алға шыққанын аңғартады деп санайды.
"Бұл – АҚШ әскери бюджетінің бұрын-соңды болмаған деңгейде ұлғаюы. Бұл шешімді жаңа Пентагон басшысының баяндамасынан кейін президент қабылдады. Трамп Еуропаға қызығушылығын жоғалтып, өзі басым деп есептейтін геосаяси мақсаттарға толықтай бет бұрды. Гренландияны иемдену және Канадамен бірігуге қатысты Трамптың мәлімдемелері Арктиканың болашақтағы негізгі әскери іс-қимылдар театрына айналатынын анық көрсетеді. Өйткені бұл өңірдің ресурстық әлеуеті шешуші шайқастардың қайда болатынын айқындайды", – деді Коротченко.
Бұған дейін Украина президенті Қытай азаматтары соғысқа Ресей жағында қатысып жатқанын хабарлаған еді. Оның сөзінше, әскери құрылымдарға тарту процесі негізінен Қытайдың әлеуметтік желілері, соның ішінде TikTok арқылы жүргізіліп жатыр.
Фото: Pixabay.com
MalimBlocks
