Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы.

Берік Дәулетов

  • 01.07.2024

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 1 шілдеге арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

ҚР аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер тұрақсыз ауа райының қалыптасуына түрткі болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты