Екібастұзда той қонақтары жаппай уланып қалды

Ал Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Malim Админ

  • 21.05.2024

Екібастұзда той қонақтары уланған мейрамханада көптеген заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тағамдардан сальмонеллалар мен патогенді стафилококк бактерияларын анықтады. Талдауға сарқыттағы тағамдар алынды.

Жаппай улану фактісі бойынша департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде жұмыс істеуге рұқсаты бар жеке құрамның медициналық кітапшалары болмаған. Сонымен қатар, дәмханада дезинфекциялық режим сақталмаған, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған, - дейді мамандар.

Сондай-ақ таңдалған өнімдер стандарттау құжаттарына сәйкес келмеді.

Қызметкерлердің арасында 9 адамнан патогенді стафилококкты, ал төртеуінде сальмонеллез анықталды. Барлық қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Ал Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 1-бөлігі (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) іс тіркелді.

Айта кетері, сәуірдің 13-і күні Екібастұз мейрамханаларының бірінде мерекелік іс-шарадан кейін қонақтардың біразы ауруханаға түсті. Дәл сол күні 32 адам медициналық көмекке жүгінген. Одан кейін зардап шеккендердің саны 94-ке жетті, оның ішінде тоғызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастардың 59-ы сальмонеллезбен ауырса, қалғандарында жедел ішек инфекциясы және ас қорыту жүйесінің бұзылуы анықталды.

Фото: azh.kz

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды