«Киелі мекен» акциясына алакөлдіктер де атсалысып жатыр

Тазалық акциясы аясында түске дейін 3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

Malim Админ

  • 16.04.2024

Жетісу облысы Үшарал қаласындағы Д. Қонаев атындағы орталық саябақта «Киелі мекен» науқанына орай тазалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталық саябақтан басталған шараға аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты.

Нәтижесінде ұзындығы 1,5 шақырым болатын аумақ тазаланды. Тазалық акциясы аясында түске дейін 3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

Іс-шараға жиналған жұрт ауданды қоқыстан тазартып қана қоймай, екі қолға бір күрек ұстап, ағаш егуге кірісті. «Бір тал кессең – он тал ек» деген халық даналығы бүгінде жерде қалмауда. Айналаны жасыл желекке орап, жолдың бойына отырғызылған ағаштар әсем бейнесімен көз тартарлық.

«Киелі мекен» акциясына ауданның Үйгентас, Қабанбай ауылының тұрғындары да белсенді қатысуда.

Фото: Үшарал қаласы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

23.04.2025

Абай облысында жалпы өңірлік тазалық акциясы басталады

04.04.2025

«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда сенбілік өтті

29.03.2025
MalimBlocks
АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

Абай облысында жалпы өңірлік тазалық акциясы басталады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли аймақ тұрғындарына арнайы үндеу жасап, жалпыөңірлік тазалық акциясының басталатынын жариялады

«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда сенбілік өтті