Коронавирустың екінші толқыны болса, қанша адамға ақша беріледі?

Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда қанша адам жұмыс орнын сақтап қала алады? Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ айтты, деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ сайты.
Ведомства басшысының сөзінше елде тағы да пандемия өрши түссе 2,2 миллион адам көмекке мұқтаж болады. Бұл туралы министр Нұрімбетов мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты.
«Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда біздің есебімізше 2,2 миллион адам көмекке зәру болады. Болжам бойынша 4 миллион адам жұмыс орындарында қалады. Бұл еңбек етіп жатқан қазақстандықтардың тең жартысы. Олар: ауыл шауашылық, өндіріс, құрылыс пен медицина саласының мамандары», -деді министр Біржан Нұрымбетов.
2,5 миллион адам онлайн режимде жұмысқа көшсе, 2 миллион адамның жұмыс уақыты қысқарады. Яғни төленетін немесе тқленбейтін еңбек демалысына кетулері мүмкін. Олар сауда, түрлі қызмет түрлері мен асхана желістерінің қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыз және 11 мамыр аралығында (төтенше жағдай кезінде) 4,6 миллион адам үкіметтен 42 500 теңге көмек алған еді. 5 шілде мен 17 тамыз аралығында 2,4 миллион адамға тағы да осындай соммада көмек көрсетілді.
Фото: enbek.gov.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Болото» гражданского общества ведет в кризис – эксперт
Страны Центральной Азии не должны рассматривать общественные организации в отрыве от политического пространства. Такое мнение высказал казахстанский политолог Димаш Альжанов на конференции, посвященной 30-летию Казахстанского международного бюро по правам человека в понедельник, 28 августа, в Алматы.
Министр Ербол Карашукеев обманул депутатов
Члены Комитета по аграрным вопросам мажилиса буквально на пальцах объяснили, почему цены на продукты питания в Казахстане постоянно растут. В понедельник, 19 июня, депутаты признались, что, выявив недочеты в работе министра сельского хозяйства Ербола Карашукеева, ставили вопрос перед премьер-министром о привлечении его к ответственности. Но, как видно, глава кабмина Алихан Смаилов так и не увидел повода даже для объявления выговора.
Есполов оқу орнын жын-ойнаққа айналдырып тастаған-депутат сауалы
Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі Ерлан Саиров бүгін ел аузында Н.Назарбаевтың қайын атасы аталып кеткен Тілектес Есполовтың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне қатысты былықтарын тексеруге Бас прокурор Б.Асыловтың атына депутаттық сауал жолдады.