Криминалист Жәрдем Тағаев: Біздің қызметте жаңсақ басуға әсте болмайды

Криминалистсіз бірде-бір тергеу басталмайды, оқиға орнына келгенге дейін ешкімнің қылмыс болған жерде қозғалуға немесе ештеңені ұстауға құқығы жоқ.

Malim Админ

  • 20.06.2024

Криминалист – оқиға орнынан дәлелдемелерді жинайды, зерттейді, тергеу барысында қылмыскерді анықтайды. Ол дәлел мен дәйекті фотосуретке түсіріп, түрлі ізге түседі. Алынған іздер базаға енгізіледі. Ондағы мәліметтерге салыстырмалы тексеру жүргізіледі. Мәселен, саусақ іздері бір адам мен екіншісімен сәйкес келмейді. Әлемде миллионнан бірінің ғана ұқсастығы табылуы мүмкін. Сол себепті, жазаның бұлтартпастығы мінсіз дәлелдемелерге негізделуі тиіс. Бұл - криминалисттерге жүктелген үлкен жауапкершілік.

Криминалистсіз бірде-бір тергеу басталмайды, оқиға орнына келгенге дейін ешкімнің қылмыс болған жерде қозғалуға немесе ештеңені ұстауға құқығы жоқ.

Криминалист Жәрдем Тағаев - Атырау облыстық Полиция департаменті Жедел-криминалистика басқармасының криминалисті, полиция майоры. Осы саланың білікті маманы.

Ол 2009 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығын тәмамдап, ішкі істер органдарына 2011 жылы қызметке кіріскен. Бірнеше алғысхатпен марапатталған. ҚР ІІМ-нің бұйрығымен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері. ІІО қатарындағы қызметін Атырау қаласында анықтаушы лауазымында бастаған.

– Біздің сала қызметі қашанда қарбаласқа толы. Сол қым-қуыт жұмыс барысында әрбір іске жауапкершілік қажет. Әрбір істің артында адам тағдыры тұр. Жансақ басуға әсте болмайды, - дейді полиция майоры.

Айта өтейік, Атырау облыстық ПД Жедел-криминалистикалық қызметі жыл басынан бері 800-ге жуық оқиға орнын зерттеуге маман ретінде қатысқан.

Демек, адам тағдырына қатысты кез келген қылмыстық іс криминалисттің қырағы назарынан тыс қалмайды.

Дана Тілек,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Фото: Кейіпкер мұрағатынан

Байланысты жаналықтар

Ақмолада 400-ге жуық адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген

23.11.2024

Астанада есік сындырып, бүреудің көлігін тепкілеген бұзақылар жазаланды

23.11.2024

"Анасына видео жіберіп үлгерген". Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

22.11.2024

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

12.11.2024

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

11.11.2024
MalimBlocks
Ақмолада 400-ге жуық адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген

Қылмыстардың көпшілігі мас күйінде немесе алкоголь ішу кезінде жасалады

Астанада есік сындырып, бүреудің көлігін тепкілеген бұзақылар жазаланды

Жыл басынан бері сондай 270-тен аса адам жауапқа тартылған

"Анасына видео жіберіп үлгерген". Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

Түнгі сағат үш шамасында үйінен шығып кеткен

Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, тастардың үйіндісіне  соғылған