Кселл мектептен цифрлық әлемге жол салды
Жетекші мобильді оператор қазақстандық оқушыларға тариф жасап шығарды
Жетекші мобильді оператор қазақстандық оқушылар арасында телекоммуникация саласы бойынша «ликбезбен» айналысуды жалғастыруда, деп хабарлайды Malim.kz.
Осы мақсатта «Кселл» өз нысандары мен инфрақұрылымы бойынша бірқатар танымдық экскурсиялар өткізіп, 2 айдың ішінде 9-15 жас аралығындағы 500-ден астам бала компанияның кеңсесімен танысты.
Экскурсия аясында оператордың мамандары ұялы байланыс пен интернеттің қалай әрбір үйге, телефонға келетінін көрсетіп қана қоймай, балалар базалық станциялардың, соның ішінде 5G, желіні басқарудың қалай жүргізіліп жатқанын көре алды.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың барлығына «Имба» атты алғашқы Қазақстандық балалар тарифін бағалау мүмкіндігі ұсынылды.
Айта кетейік, жаңа тарифке екі ай ішінде 15 мыңнан астам абонент қосылған.
Жақында «Кселл» бесінші экскурсиясын өткізіп, 4-9 сынып оқушыларын телеком-индустриямен жан-жақты таныстырды.
Әзірге мұндай турлар тек алматылық оқушыларға ғана қолжетімді, бірақ жобаға қызығушылықтың артуына байланысты, басқа қалаларда да жүргізуге ниетті.
Біздің нысандардағы экскурсия 2 сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде балалар ұялы байланыс пен интернеттің пайда болу тарихы туралы көптеген ақпаратпен таныс болады. Олар киберқауіпсіздік, технологиялардың даму тарихы туралы біліп қайтады. Сондай-ақ желіні басқару орталығына барып, VR-көзілдірікпен ең танымал ойындарға 5G тест-драйв жасайды. Бұдан бөлек SMS-таратуды баптауға қатысып, біздің жаңа өнімімізді, яғни балалар үшін арнайы әзірленген «Имба» балалар тарифін бірінші болып сынақтан өткізеді, - деп атап өтті «Кселл» АҚ Серіктестік пен адалдықты дамыту бөлімінің менеджері Анна Коблова.
Айта кетейік, «Кселл» Қазақстанда 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған арнайы «Имба» тарифін енгізген алғашқы оператор болды.
Тариф бойынща жүрген қадамдар үшін қосымша гигабайттар беріп, сондай-ақ WhatsApp, онлайн-ойындар мен білім беру ресурстарына арналған лимитсіз интернет бар, жаңа тарифтік жоспар балаларды жақсы оқуға ынталандыруға да септігін тигізбек.
Мен «Имба» алғашқы қазақстандық балалар тарифі екенін баса айтар едім. Себебі біз бұл мәселеге барынша байыпты қарадық. Ұзақ зерттеулер мен түрлі гипотезалардан кейін балаларға арналған осындай өнім пайда болды, яғни осы тарифте трафик таусылса да, бала әрқашан WhatsApp арқылы байланыста болады. Қазақстанның білім беру сайттарын да трафик таусылған жағдайда пайдалануға болады. Сондай-ақ балалардың қызығушылығын ескере отырып, біз ақылы жазылымдардан қорғауды қарастырдық. Тестілеу кезінде тарифтік жоспарды жетілдіре түсіп, кішкентай абоненттеріміз бен олардың ата-аналарына қолайлы болу жағын қарастырдық. Дегенмен мұнымен шектеліп қалмаймыз, сондықтан қазір ата-аналардан пікір жинап, балалардың пайдалану тәжірибесін зерттеп, тарифтік жоспарды жақсартатын боламыз, - дейді «Кселл» АҚ Цифрлық өнімдерді дамыту департаментінің менеджері Жалғас Нұржанұлы.
«Имба» тарифтік жоспары іске қосылғанна 2 ай астам, қазір пайдаланушылары артып келеді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған болашақтың цифрлық мамандықтары "Profertenfest 2024" фестиваліне қатысушылардың да жаңа тарифке қызығушылығы жоғары болғанын айта кету керек.
Фестивальге келушілер болашақтың ІТ-мамандықтары тақырыбындағы қызықты спикерлерден бөлек, жаңа балалар тарифінің қолданушылары атанды. Осылайша «Имба» тарифінің аясында жетекші байланыс операторы балалар мен жасөспірімдерге арналған кешенді «ликбез-бағдарлама» құрып, онда болашақ мамандықтар фестивалі мен байланыс инфрақұрылымы бойынша танымдық экскурсияларды қамтыды.
«Кселлдің» осындай шараларды бастағаны өте тамаша, менің балама қатты ұнады. Бұл көптеген балалар үшін болашақ мамандық таңдауда өзіндік инсайт болатынына сенімдімін. Сондай-ақ компания Қазақстанда көптеген артықшылықтары мен бонустары бар алғашқы балалар тарифін іске қосты. Маған бәрінен бұрын тарифте трафик пен минут қалмаған күннің өзінде WhatsApp-қа шектеусіз қолжетімділік болғаны ұнайды. Бұрын ұлым оған ойын ішіндегі валютаны жиі сатып алуды сұраған болатын, бірақ мен өз картамды байланыстыруға қорқатын едім, ал енді ол бонустарын ғана ойын ішіндегі валютаға айырбастайды, менің картамнан ақша шешіп алады деп алаңдамаймын. Мен үшін «ИМБА» бірінші кезекте қауіпсіздік, - деді оқушылардың бірінің анасы Наталья Савельева.
«Имба» тарифі іске қосылған алғашқы күннен бастап ол көптеген оң пікірлер мен ұсыныстарға ие болды. Бұл туралы сандар сөйлесін, мәселен 1 айдың ішінде жаңа балалар тарифін 15 мыңнан астам оқушы таңдаған.
Қосымша бонустардан, гигабайттардан басқа, ол балаларды жаяу жүруге, жақсы оқуға ынталандырады, сондай-ақ балалардың ішкі валютамен табыс табуға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, тарифтік жоспардың алгоритмі сыртқы жағымсыз және деструктивті сайттарға тосқауыл қоятындай етіп орнатылған», - дейді «Кселл» АҚ Өнімдерді дамыту департаментінің стратегиялық өнімдер жөніндегі сарапшысы Родион Кнутов.
Фото: «Кселл» АҚ