Марат Сұлтанғазиев сияқты әкім жоқ, мақтау да, балмұздақ та артық етпейді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бүгінгі жұмыс уақыты зая кеткен жоқ. Бүгін ол тағы да бір тағайындауға қол қойды!

  • 17.05.2023

Кеше ғана Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бір кадрды екі-үш қызметке тағайындаудан жыл бойы қолы босамай жүргенін, өзі таңдап тағайындаған қызметкердің алды сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін жазған едік.  Мұндайда айтып ауыз жиғанша деуші ме еді,

Марат Сұлтанғазиев бүгін Алмас Батановты өзінің орынбасары етіп тағайындады. Алмас Батановтың іскерлігі мен біліктілігіне уақыт төреші.

Айтайын дегеніміз, Марат Сұлтанғазиев Алмас Батановты былтыр тамыз айында Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы еткен болатын. Енді міне, жарты жыл өтпей жатып, қызметін ауыстырып жатыр. Ал жолаушы көлігі басқармасына тағы да жаңадан адам алып келмек.

Алматы облысы әкімдігіндегі кадр саясатында тұрақтылықтың жоқтығын өткен мақаламызда қысқа қайырып жазған едік. Ондағы мақсатымыз сын мен мін іздеу емес. Барды бар деп айту. Жалпы,  Марат Сұлтанғазиевтің атқарып жатқан нәтижелі жұмысы да жетіп артылады. Мәселен,  Алматы облысы әкімдігіне қарасты, ішкі саясат басқармасы қадағалап отырған әлеуметтік желідегі әкімдіктің ресми парақшасының жазуынша, әкім «елім деген ер» екен.

Бүй дейді: «Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс барысымен алты ай ішінде Ұйғыр ауданына екі қайта баруы, елім дейтін ердің сапары екенін көрсетті. Өз мүддесін емес, өз елінің қамын бірінші орынға қойған облыс басшысы...».

Көрдіңіз бе, Алматы облысының әкімі қандай басшы екенін! Ал оны кім мақтап отыр? Әкімдік қызметкерлері ме? Онда тұрған не бар! Әкімді әйтеуір біреу мақтауы керек емес пе! Марат Сұлтанғазиев енді бір мәрте Ұйғыр ауданына елдің қамын ойлап барса, онда оған мемлекеттік награда беруге де болады. Ішкі саясат басқармасы бос отырмай, құжаттарын дайындап та жатқан шығар...

 

 

Байланысты жаналықтар

Шелектің жолы тесік, әкімі пысық

03.08.2023

Әкім Сұлтанғазиев әкесі басқарған каналдағы делдалдарды тазартпақ

08.06.2023

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

18.05.2023

Марат Сұлтанғазиевтің командасы жемқорлық күдігіне іліне бастады

15.05.2023

Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

09.02.2023
MalimBlocks
Шелектің жолы тесік, әкімі пысық

«Журналист келді екен деп мәселе шешіледі деп ойламаңдар».

Әкім Сұлтанғазиев әкесі басқарған каналдағы делдалдарды тазартпақ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әкім болғанына бір жылға орай бірлі-екілі ақпарат өкілдеріне мамыражай сұхбат беріпті.

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады

Марат Сұлтанғазиевтің командасы жемқорлық күдігіне іліне бастады

Осы күнге дейін қарамағындағы кадрларын жасақтап біте алмай жатқан Алматы облысының жетекшісі Марат Сұлтанғазиев әкім болған бір жылдық мерейлі датасын (маусымның 11-де) көңілсіз кейіпте қарсы алатындай.

Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

Алматы облысындағы Жетіген ауылының мектебінде бастауыш сынып оқушылары сабақты тікесінен тік тұрып оқуға мәжбүр