Маусымда еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық болады
Елдің қалған бөлігінде ылғалдық мөлшері осы ай үшін нормаға сәйкес болады деп күтіледі.
Синоптиктер маусымда құрғақшылық күтілетін өңірлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық құрғақшылық мына аймақтарда болады деп болжанды:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында; Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында; Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында; Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.
Сонымен қатар мамандар маусым айында бірқалыпты ылғал Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болады деп болжады.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдық мөлшері осы ай үшін нормаға сәйкес болады деп күтіледі.
Фото: интернеттен