Меккеде 2 666 доллар айыппұл салады: ҚМДБ маңызды мәлімдеме жасады

Келушілер қажылық тәртібін бұзып, парызын рұқсатсыз өтемеуі қажет.

Берік Дәулетов

  • 05.06.2024

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Меккеге қажылыққа баратын ел азаматтары үшін маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚМДБ Сауд Арабиясы Корольдігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылық тәртібін бұзып, парызын рұқсатсыз өтеген қажыларға айыппұл сала бастағанын айтты.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қажылық жасауға және рұқсатты заңсыз алуға тыйым салу саясаты қамтылған аймақтарға Мекке қаласы, орталық аймақ, қасиетті жерлер, Харамайн теміржол станциясы, бақылау-өткізу пункттері, тексеру орталықтары және уақытша бақылау бекеттері кіреді. Ереже 2024 жылдың 20 маусымына дейін күшінде болады, - делінген хабарламада.

Кез келген адамға – азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге қажылық ережелерін бұзғаны үшін 10,000 саудиялық риал (2666 АҚШ доллары) айыппұл салынады, ал азаматтығы жоқтар өз елдеріне депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін корольдікке қайта кіруге тыйым салынады.

Сонымен қатар қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдап жүрген кез келген адам 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 50 000 риалға дейін (13 328 АҚШ доллары) айыппұл төлейді және тасымалдауға пайдаланылған көлігі тәркіленеді, - делінген хабарламада.

Қоғамдық қауіпсіздік егер заң бұзушы резидент болса, ол жазасын өтегеннен кейін депортацияланатынын және заңға сәйкес белгілі бір мерзімге дейін корольдікке қайта кіруіне тыйым салынады.

Тасымалданған адам санына байланысты тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері өседі.

Фото: sutori.com

Байланысты жаналықтар

Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

02.04.2025

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

31.03.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025

Мұғалім мен дәрігерлерді балағаттағандар қандай айыппұл арқалайды?

31.03.2025

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

29.03.2025
MalimBlocks
Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды

Мұғалім мен дәрігерлерді балағаттағандар қандай айыппұл арқалайды?

Елімізде қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға айыппұл салынады. Ал былапыт сөзді үйде немесе көлікте еркін айтуға бола ма?

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде уағыз айтып, діни үгіт-насихат жүргізетіндерді тексереді,