Министр су тасқыны болған өңірлерде оқушылар емтиханнан босатылатынын айтты

Сондай-ақ ол Атырау, Түркістан, Ақтөбе облыстары балалардың жазғы демалыспен қамтылуын арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.

Malim Админ

  • 21.05.2024

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, Атырау облысы (3 мектептің 1531 оқушысы), Ақтөбе облысы (9 мектептің 1296 оқушысы) және Солтүстік Қазақстан облысындағы(5 мектептің 754 оқушысы) 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады.

Қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады. Су тасқынынан зардап шеккен және ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде қашықтан оқыған 2622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады. Жазғы мектепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған, – деді оқу-ағарту министрі.

Сондай-ақ ол Атырау, Түркістан, Ақтөбе облыстары балалардың жазғы демалыспен қамтылуын арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалардың демалысы ерекше назарда. Қазіргі уақытта 628 бала демалыс лагерьлеріне жіберілді. Алдағы уақытта 3 883 балаға сауықтыру орталықтарына жолдамам беріледі, – деді Ғани Бейсембаев.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025
MalimBlocks