Министрлік наразылыққа шыққан студенттерді басқа университетке ауыстырды

Білім министрлігінен құрылған арнайы жұмыс тобы лицензиясынан айырылған Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің студенттерін басқа жоғары оқу орындарына ауыстыруды өз қолына алды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 08.12.2021

26 қараша күні біз аталған университет шәкірттері мен олардың ата-аналары наразылық танытқаны туралы жазған едік. Мәселенің қазіргі қарқыны туралы министрлік хабарлама таратты. Онда мәселені шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, оолардың Алматы қаласында студенттермен, ата-аналармен және университет қызметкерлерімен кездесулер өткізгені жазылған.

«Өткен жылы біз Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осы жазда университет жабылып, білім беру лицензиясынан айырылатыны туралы ақпарат жарияланды. Дегенмен студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауыспай, барлық сот апелляцияларының нәтижелерін күтуге шешім қабылдады. Енді университет жұмысын іс жүзінде тоқтатқан соң студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауысуға келісім берді. Біз Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің қалған студенттерін ауыстыру бойынша жұмыс тобын құрдық. Жұмыс тобы студенттерді басқа оқу орындарына ауыстыруы керек. Барлық студенттер транскрипттер алып, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «Нұр-Мүбарак» университеті, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті сияқты жоғары оқу орындарына жіберілді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының басшылығымен жетім балаларға жеңілдіктер беру туралы келісім бар», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Сонымен қатар хабарламада лицензиясынан айырылған басқа университет студенттеріне де министрлік жоғарғы оқу орнын ауыстыруға мүмкіндік бергені атап айтылған.

Және университеттерді жабу кезінде министрлік сапалы білім беру талаптарының сәйкестігін басшылыққа алатынын атап өткен. Ал ШТІКУ-дің жабылу себебін төмендегідей түсіндірген: «Аталмыш университетте тексеру парағының 46 тармағының 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталған. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермеген. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады. Сонымен қатар, басқа да бұзушылықтар анықталды. Бұл ретте университетке бұзушылықтарды жою үшін уақыт берілді, алайда жоғары оқу орны білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін жұмыс жүргізбеді».

Университет студенттерімен байланысып олардың басқа оқу орнына ауысқаны туралы ақпаратты анықтап білдік. Біз мәселесін көтерген студенттер Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне және Алматы техникалық университетіне ауыстырылған.

Байланысты жаналықтар

Биыл 27 студенттер жатақханасы қолданысқа беріледі

21.08.2024

Телекомға терең бойлау: «Кселл» студенттерге тиімді тағылымдаманы дамытуда

28.06.2024

Астанада Тоқаев білім алған қытайлық университеттің филиалы ашылады

20.06.2024

Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

17.06.2024

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

07.06.2024

Satbayev University онлайн оқыту платформасын ашты

22.04.2024
MalimBlocks
Биыл 27 студенттер жатақханасы қолданысқа беріледі

Бүгінде 4650 орындық 17 жатақхана іске қосылған

Телекомға терең бойлау: «Кселл» студенттерге тиімді тағылымдаманы дамытуда

Компания бір жыл бұрын түлектер мен жоғары курс студенттері үшін ақылы тағылымдама бағдарламасын іске қосқан болатын.

Астанада Тоқаев білім алған қытайлық университеттің филиалы ашылады

ЖОО филиалы ЭКСПО аумағында орналасқан.

Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады.

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуға тиіс.

Satbayev University онлайн оқыту платформасын ашты

Платформа Adway.edu.kz сайты арқылы өтінімдерді қабылдайды.