«Мұқият зерттесін»: Мәжіліс депутаты тәңіршілерді адасқандар деп атады

Ол дау тудырмай, қоғамды біріктіретін мәселелерге назар аудару керек екенін алға тартты.

Берік Дәулетов

  • 29.05.2024

Күні кеше елімізде тәңіршілдікті дін ретінде мойындауды талап ететін петиция жариялаған болатын. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz

Stan.kz жазуынша, өзінің ислам дінін ұстанатынын айтқан депутат діни сенімді таңдау әр адамның өз құқығы екенін алға тартты.

Әркім өз зерттеулерінің, ізденісінің, сенімдерінің нәтижесінде дінді өзі таңдайды. Ең бастысы, дін терроризм мен экстремизмнің құралы болмауға тиіс. Дінді саяси құралға айналдыруға болмайды. Ол қоғамда дау тудырмауы керек. Егер мұндай белгілер болса, онда бұл дін емес. Бізде тиісті мемлекеттік органдар бар. Олар петиция мен ұсыныстарға өздері жауап беріп, қарастырады, – деді ол.

Тәңіршілдікті дінге жатқызуға болмайтынын атап өткен Жаңбыршин бұл ағымды ұстанушыларға мәселені мұқият зерттеуге кеңес берді.

Шындығында, тәңіршілдік дін емес. Біздің ата-бабаларымыздың діні – ислам. Сондықтан олар адасуы мүмкін. Мұқият зерттесін. Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім қателескен жоқ деп ойлаймын, – деп жауап берді депутат.

Ол дау тудырмай, қоғамды біріктіретін мәселелерге назар аудару керек екенін алға тартты.

Еске салсақ, күні кеше Epetition.kz ресми сайтында Қазақстанда тәңіршілдікті дін ретінде тануды сұрайтын петиция жарияланды. Үндеу Әділет министрі Азамат Есқараевқа жолданған.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды