Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

Премьер-министр Тамақтану стандартын әзірлеудің президент тапсырмасы екенін айтты

Malim Админ

  • 19.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепте тегін ыстық тамақмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов балаларға берілетін тамақтың сапасы мұқият тексеруді қажет ететінін атап өтті. 

Бүгінгі таңда 403 мектепте асхана жоқ, сондықтан онда балалар ыстық тамақпен толыққанды қамтамасыз етілмеген. Мектептегі, әсіресе шағын және шалғайдағы мектептерде қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру мәселесінде толық тәртіп орнату қажет. Тамақтану сапасын жақсарту және жеткізушІлердің жауапкершілігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдаған жөн», — деді премьер-министр.

Премьер-министр жыл соңына дейін тамақтану стандартын қабылдауды тапсырды. Құжат сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен жасалуы керек. Тиісті міндет білім және денсаулық сақтау министрліктерінің алдына қойылды. 

Оқу-ағарту және Қаржы министрліктеріне міндетін адал атқармаған жеткізушілер тізілімін автоматтандырып, осындай сатып алуға қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. 

Әкімдіктер мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін ерекше бақылауға алуы керек. Сонымен қатар инфляция деңгейін ескере отырып, тамақтану құнын қайта есептеу және оған қосымша қаражат бөлу қажет. Жыл соңына дейін бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін аппараттық-бағдарламалық кешенде орнатуды және оларды «Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету маңызды. 

Денсаулық сақтау министрлігіне балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мониторинг пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шараларын күшейту, қажетті нормативтік түзетулер енгізу тапсырылды.

Фото: Үкімет

 

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады