Оқу-әдістемелік конференция өтті
2022 жылы сәуір айының 22-23 күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Қандастардың Жаңа Қазақстандық ортаға бейімделуінің әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық және құқықтық мәселелері» атты республикалық оқу-әдістемелік конференциясы өтті.
Конференцияда университет ғалымдары мен қонақтар шеттен келген қандастардың шешімін таппаған түйіткілді мәселелеріне жан-жақтылы тоқталды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2001 жылдан бері қандастарды жоғары оқу орындарына дайындап келе жатқан бірегей оқу орны. Сондықтан да оқу орындағы ұстаздар қауымы шетелден келген қандастармен және олар кездесіп отырған әртүрлі кедергілермен етене таныс. Қандастар мәселесі оқу орнының күн тәртібінен түспей келе жатқан тақырыптың бірі. Өткен жылдың желтоқсан айында, тәуелсіздіктің отыз жылына орай өткен конференцияда да қандастардың ел тәуелсіздігінің нығаюына тигізген әсері жайлы талқыланған еді.
Жиын соңында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының басшысы Молдахмет Сейдахметұлы сөз алып, қандастардың атамекенге бейімделу, жастардың білім алу мәселесіндегі тәжірибесін бөлісті.
Дайындаған:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Аға оқытушы: Бапай Ұлан
Оқытушы: Мағаз Ретбек
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Болото» гражданского общества ведет в кризис – эксперт
Страны Центральной Азии не должны рассматривать общественные организации в отрыве от политического пространства. Такое мнение высказал казахстанский политолог Димаш Альжанов на конференции, посвященной 30-летию Казахстанского международного бюро по правам человека в понедельник, 28 августа, в Алматы.
Министр Ербол Карашукеев обманул депутатов
Члены Комитета по аграрным вопросам мажилиса буквально на пальцах объяснили, почему цены на продукты питания в Казахстане постоянно растут. В понедельник, 19 июня, депутаты признались, что, выявив недочеты в работе министра сельского хозяйства Ербола Карашукеева, ставили вопрос перед премьер-министром о привлечении его к ответственности. Но, как видно, глава кабмина Алихан Смаилов так и не увидел повода даже для объявления выговора.
Есполов оқу орнын жын-ойнаққа айналдырып тастаған-депутат сауалы
Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі Ерлан Саиров бүгін ел аузында Н.Назарбаевтың қайын атасы аталып кеткен Тілектес Есполовтың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне қатысты былықтарын тексеруге Бас прокурор Б.Асыловтың атына депутаттық сауал жолдады.