Орамалдылардан көңілі қалған танымал блогер хиджабын шешіп тастады

Біраз уақыт бойы хиджаб киген блогер өзінің ниеті басқа екенін түсінген.

Сабина Асқарқызы

  • 17.06.2024

Танымал блогер Сәния Ілиясова хиджабтан бас тартты. Instagram парақшасында жан сырын ақтарып, орамал таққандардан көңілі қалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Блогер енді ешкімнің көзқарасына тәуелді болмай, жүрек қалауымен өмір сүретінін атап өтті.

Орамалымды шештім. 2 ай бойы эмоцианалды толқыныста болдым, өзімді іздедім… Өзім үшін де, өзгелер үшін де әрдайым шынайы болғым келеді. Сіздерге ол ұнай ма, ұнамай ма білмеймін, тек жүрегімнің қалауымен өмір сүремін. Эгоисттік пе? Бәлкім, иә. Солай болуы керек.  Мен "мәңгілік" және "ешқашан" деген сөздерді айтуға болмайтынын түсіндім. Өйткені Алланың өз жоспары бар, - деп жазды ол.

Орамал тағудағы ниеті басқаша болғанын түсінгенін жасырмады.

Айтпақшы, Меккеге сапарымнан кейін өзімді биікте болғандай елестетіп едім. Иманым-орамалым  болады деп сендім. Бірақ мен күткеннен басқа нәрселер орындалып, Алла маған менің орамал тағудағы ниетімді көрсетіп берді. Бұл бір қызық болды. Алла разылығы үшін болмаған екен. Көңілім қалды... Орамалдылардан, олардың өмірдегі және инстаграмдағы кейіптерінен көңілім қалды, - деп жазды ол.

Блогер болашақта орамалға қайта келетінін және орамалды ханымдарға арналған киім-кешек шығаруды тоқтатпайтынын айтты.

Әзірге осылай. Бәлкім бір айдан соң немесе бір жылдан кейін, 5 жылдан кейін тірі болсам, орамалға қайта келетін шығармын. Болашақты болжап, ештеңеге кепілдік бере алмаймын. Бәрі Алланың қалауымен болады. Оранғандарға арнап әдемі киімдерді шығара беремін. Бұл істі сондай жақсы көремін. Тіпті басқа істеген істерімнен де артық көремін. Сіздер үшін жасаған әр ісім үшін бақытты боламын. Алдағы уақытта нәпсім, мақтанышым үшін ғана емес таза ниетпен орамалдың мәнін ұққанда, тыныштықты Құдай мен менің арамдағы нәрсе екенін түсінгенде ғана ораламын - деді ол.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

28.04.2025
MalimBlocks
Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

Ал образы 236 млн теңгеге жуықтаған.