«Пішөн»: Атырауда иттің өліміне қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр

Арман Қайыпхан

  • 03.12.2024

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов су тасқыны кезінде халыққа көмек көрсеткен “Пішөн” есімді иттің өліміне байланысты арнайы тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

“Бұл жағдай Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында болған. Су тасқыны кезінде халыққа көмектескен “Пішөн” есімді ит әлеуметтік желілерде танымал болды. Алайда 28 қараша күні ауыл тұрғыны бұралқы иттердің үйіне кіруіне кедергі жасап жатқаны туралы шағым түсірген. Осыған байланысты мамандар иттерді уақытша ұйықтатуға арналған дәріні пайдаланған. Кейінірек Жайық өзенінің жағасынан “Пішөн” атты иттің өлексесі табылды”, — деді ол.

Әкімнің айтуынша, бұралқы иттерді аулау заңға сәйкес жүргізіледі. Агрессивті иттер иесіз болған жағдайда өлтіріледі, ал басқалары зарарсыздандырылып, қайтадан иесіне қайтады дейді. Ал соңғы оқиғаға байланысты дереу тексеру жұмысы ұйымдастырылған.

“Аталған оқиға бойынша арнайы тексеру жүріп жатыр. Қорытындысы шыққан соң, қосымша ақпарат беріледі”, — деп қосты облыс әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін әлемжеліде көктемгі су тасқыны кезінде атыраулық тұрғындарға көмектескен “Пішөн” есімді иттің атып өлтірілгені туралы ақпарат тараған еді.

Байланысты жаналықтар

Нұрлан Сабуровтың шетелдегі мүлкі туралы ақпарат тарады

25.05.2025

Елімізде тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін

25.05.2025

Астанада жасырын ет цехы анықталды

24.05.2025

LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді

24.05.2025

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

24.05.2025

Алматыға жаңа әкім тағайындалды

24.05.2025
MalimBlocks
Нұрлан Сабуровтың шетелдегі мүлкі туралы ақпарат тарады

Елімізде тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін

Астанада жасырын ет цехы анықталды

LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

Алматыға жаңа әкім тағайындалды