Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді

Malim Админ

  • 12.11.2024

Олжас Бектенов Үкімет отырысында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы халықты хабардар ету үшін жеке тұрғын үйлерді аралауды және рейд жүргізу жұмыстарын жандандыруды тапсырды,-деп хабарлайды Malim.kz.  


Премьер-министр қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін атап өтті.

«Көп адамдар ақауы бар пеш жағады. Қарапайым қауіпсіздік техникаларын бұзып жатады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жеке тұрғын үйлерге рейд жүргізуді жандандырып, қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді.

«Қазіргі уақытта тұрмыстық және коммуналдық тұтынушылардың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау әкімдіктерге жүктелген. Алайда жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Газ толтыру пункттерінің меншік иелері арасында баллондардың сапасын бақылау, олардың жарамдылық мерзімін тексеру туралы түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, баллондар өндірісін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12.12.2024

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

12.12.2024

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

12.12.2024

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

11.12.2024

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

06.12.2024

Биыл қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары қалай жүргізілді?

05.12.2024
MalimBlocks
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

Үкімет активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаттары тиісті мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды.

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескере отырып, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады

Биыл қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары қалай жүргізілді?