Қара маска таққан жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлап, жұмыс тауып берді (ВИДЕО)

Ол егістікке Мерген деген кісіні іздеп барған

Арман Қайыпхан

  • 19.06.2024

Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге үміт сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мерген — үш баласы бар жалғызбасты әке. Оның екі бірдей көзі нашар (-9) көреді. Ұлы — үшінші топ мүгедегі. Балаларымен пәтерді жалға алып тұрады.

"Жақында жолдасым өмірден озды. Ішінде 3,5 айлық сәбимен кетті. Өзім жалдамалы жұмысшы болып істеймін. Қазір егістікте қырыққабат тереміз. Екі көзім де — минус 9. Үлкен балам да ихтиоз деген аурумен ауырады. Денесінде қара дақтары бар. Басымда баспана жоқ. "Времянкада" тұрамыз. Онда газ жоқ", - деді ол.

Ер адам көз алдынан әйелінің елесі әлі күнге дейін кетпегенін әңгімелеп берді.

"Әлі келетіндей болып тұрады маған. Мәңгілік жүректе қалды ол кісі. Балаларым анасын іздейді. Үйде отырған кезде сыртқа шығып кетемін, қорада жылаймын. Ол сөзді естіген сайын жүрегім ауырады", - деді ол.

Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге бір бума ақшаны ұстатты. Бұл өзінің және баласының еміне деп берілген қаражат еді.

Сонымен бірге ол ер адамға қалаған кәсібін ашуға көмектесуге уәде беріп, үйдің кілтін табыстады.

Егістік басында мұндай тосынсыйды күтпеген ер адам солқылдап жылады.

Фото: видеодан кадр

 

Байланысты жаналықтар

Билл Гейтс өзінің байлығына қатысты маңызды шешім қабылдады

09.05.2025

Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

03.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

03.04.2025

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

20.03.2025

"Қазақ халқына алғыс". Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды

10.03.2025
MalimBlocks
Билл Гейтс өзінің байлығына қатысты маңызды шешім қабылдады

Биыл күзде Билл Гейтс 70 жасқа толады

Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

ҚМА мән-жайды айтты.

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

Шымкентте анасынан айырылған жеті балаға пәтер сыйланды

"Қазақ халқына алғыс". Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды