Қарағандыда лифтілердің жарамдылық мерзімі екі есе асып кеткен

Мамандар оларды пайдалану қауіпті екенін ескертті

Мәди Саматұлы

  • 02.11.2024

Қарағандыда 100-ден аса лифтінің жұмыс істеп келе жатқан уақыты 50 жылға толып, жарамдылық мерзімі екі есе асып кеткен. «Астана» телеарнасының ақпараты бойынша, мамандар бұл лифтілерді пайдалану қауіпті екенін ескертеді, бірақ оларды тоқтатуға заң бойынша рұқсат жоқ, өйткені бұл – тұрғындардың меншігі, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды қалалық тұрғын үй инспекциясының мәліметі бойынша, қаладағы 700-ден астам лифт нормативті 25 жылдық мерзімін өтеп болған және ауыстыруды қажет етеді. Соның ішінде жүзден астамы өте қауіпті жағдайда. Қаладағы лифт компанияларының мамандары да осы қауіпті көрсеткіштерді растап отыр. Кеңестік кезеңнен қалған лифт бөлшектерін табу қиын болғандықтан, бұл лифттерді жөндеу ісі де қиындап барады.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары, меншік иесі ретінде, жаңа лифт орнатуды өздері қаржыландыруы керек, ал жаңа лифттің құны шамамен 12 миллион теңге тұрады. Мұндай қаражатты жинау тұрғындар үшін оңай емес.

Қазақстанның Лифтшілер ұлттық қауымдастығы елдегі 3000-нан астам лифтіні жедел ауыстыру қажет деп есептейді және тұрғындарға қаржылық қолдау көрсететін ұзақмерзімді бағдарламаны енгізу керектігін ұсынады.

Биыл лифтілерді ауыстыру немесе жаңғырту үшін қаржы бөлінбеді. Бұл жыл қиын болды – тасқындар мен жылу электр орталығында болған мәселелерге байланысты бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы жұмыс істеуі керек, дейді «Лифт-РЭМ» ПК директоры Олег Якубовский.

Қарағанды әкімдігі былтыр ТКШ бағдарламасы аясында 13 жаңа лифт орнатылғанын, ал тағы 20 өтінім қаралып жатқанын хабарлады. Лифт компаниялары еліміздегі барлық лифттерді бақылауға алатын арнайы бақылау органын құруды ұсынады.

Фото: astanatv.kz

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

26.03.2025

Лифтіде пышақталған бала тағы да ауруханаға түсті

18.03.2025
MalimBlocks
Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

Лифтіде пышақталған бала тағы да ауруханаға түсті