Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Ресеймен бірдей +7 телефон кодында қалатын болды

Қоғам
Қазақстан Ресеймен бірдей +7 телефон кодында қалатын болды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев неліктен Қазақстан Ресеймеен бірдей +7 телефон кодынан бас тартпағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Телефон коды бойынша санкцияларға қатысты айтатын болсақ, ешбір шектеу оған әсер етпейді. Ресей сияқты +7 санын қолданатынымыз рас. Бірақ қосымша тек Қазақстанға тиесілі нөмірлену де бар. Олар: +77, +76, +75. Біз сондай-ақ +70 саны бойынша келісімдер жүргіземіз», - дейді Мәдиев.

Министр бұл тек Қазақстанға қатысты мәселе екенін айтты.

«Тұтынушы ретінде түрлі әлеуметтік платформалардың, қосымшалардың, банктік қосымшалардың, банктік шоттардың пайдаланушысы ретінде мен телефон кітапшасында, қосымшаларда және барлық жерде жаңа нөмірлерді енгізу ыңғайсыз болар еді деп санаймын. Менің ойымша, азаматтар бұл ұстанымды қолдайды», - деді министр.

© Фото: Zakon.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу