Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

Арман Қайыпхан

  • 08.04.2025

Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу – мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника аясындағы бағыттардың бірі, деп хабарлайды Malim.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде еліміздегі 1100 мектепте STEM-зертханалар базасында дрондарды басқару үйірмелері ашылды. Бұл үйірмелерде оқушылар дрондарды құрастыру мен бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық ойлау қабілетін, инженерлік машықтарын және практикалық дағдыларын дамытады.

Мұндай үйірмелерге қатысатын оқушылар робототехника бойынша түрлі жарыстарға белсене қатысуда. Жуырда ұлттық Aspan Drone Competition турнирінің жеңімпаздары Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады.

Сонымен қатар еліміз бойынша 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ал биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие жаңа мамандық – дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025
MalimBlocks