Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанға ұшқышсыз ұшақтар Қазақстаннан шабуылдады деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 03.04.2024

Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз, – делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше Ресейдің Мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев бүгін Татарстанның Елабуга мен Нижнекамскіне шабуыл жасаған дрондар "Орталық Азия даласынан ұшырылған болуы мүмкін" деп мәлімдеген еді. Депутат ұшқышсыз ұшақтардың ұшу орны мен ұшу траекториясын мамандар анықтауы тиіс дейді. Ол дрондардың Украина аумағынан Татарстанға ұшқанына күмән келтіреді. 

Татарстанға жасалған алғашқы дрон шабуылы Украинаның Ресей аумағына ең алыс шабуылына айналды. Ұшқышсыз ұшақтар 1,5 мың шақырымға дейінгі аралықты басып өткен. Екі дрон Нижнекамскідегі МӨЗ-ге шабуыл жасауға тырысқан, тағы екеуі "Алабуга" АЭА аумағына түскен. Ресейдің ресми билігі соның салдарынан 12 адам зардап шеккенін хабарлайды.

Байланысты жаналықтар

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады

19.04.2025

Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарына аттанды

10.04.2025

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

08.04.2025

Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

02.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025
MalimBlocks