Қытайда бөгет бұзылып, тасқын су Зайсан көліне құйылғалы жатыр

Бүгінде Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінде су жіберу көлемі — секундына 1700 текше метр, судың деңгейі —543 см.

Malim Админ

  • 22.05.2024

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытайда бөгет жарылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары қытайлық әріптестерімен үнемі байланыста. Қытай тарапы трансшекаралық өзендер арқылы секундына 1400 текше метр су жібергендері туралы хабардар етті, - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратынша, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Бүгінде Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінде су жіберу көлемі — секундына 1700 текше метр, судың деңгейі —543 см.

Ағынды судың келуін ескере отырып, Боран ауылы аумағында Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Осыған байланысты ШҚО "Қазсушар" филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды, - деп атап өтті министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу секундына 500 текше метрден 800 текше метрге дейін ұлғайтылды.

Жағдай министрдің жеке бақылауында. Ертең ведомство басшысы Шығыс Қазақстан облысына барады. Бүгін өңірде вице-министр Нұрлан Алдамжаров жүр.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025
MalimBlocks