457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызылорда облысында ауыл әкімдігі жанармайдың бір литрін 18 303 теңгеге сатып алмақ болған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппараты жалпы көлемі 7 260 литр "АИ-92" маркалы жанармайды 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе бағаға сатып алуды жоспарлаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алулардың бірыңғай терезесіне тұрақты негізде мониторинг жасау арқылы 131 миллион теңгеден аса бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу дерегін анықтаған.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппаратымен жалпы көлемі 7 260 литр "АИ-92" маркалы бензинді 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе асып, сатып алу жоспарланған.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу бағасын қайта қарап, оны сәйкестендіру жөнінде ұсыныс хат жолдады, - делінген хабарламада.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша, 131 миллион теңге шамасында бюджет қаражаты үнемделді, әкімдіктің жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Фото: РИА Новости