Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Референдум-2024: БҚО-да ауыл тұрғындары 1 сағатта дауыс беріп болған

Қоғам
Референдум-2024: БҚО-да ауыл тұрғындары 1 сағатта дауыс беріп болған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақсуат ауылының тұрғындары дауыс беруді 1 сағат ішінде аяқтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, ауылдағы 180 тұрғынның 90-ы дауыс беру құқына ие. Жексенбі күні ауылдағы ағайынның бірі қалмай сайлау аумағынан табылған.

Айта кетейік, бүгінгі референдумда БҚО-да 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық, 496 учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы Ақпараттық технологиялар колледжіндегі учаскеде дауыс берді.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу