Сауат Мыңбаевтың арбада отырған суреті жарияланды
Ұзақ жылдар бойы үкіметте министр болып, кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Қазақстан темір жолы» АҚ секілді алпауыт компанияларды басқарған Сауат Мыңбаевтың әлеуметтік желіде мүгедектер арбасында отырған суреті жария болды.

Сурет рәсімі Түркияда түсірілген. Қыз ұзату тойындағы сәт делінеді.
Сауат Мыңбаев осыдан үш жыл бұрын «Қазақстан темір жолын» басқарып жүргенінде аяқ астынан денсаулық жағдайына байланысты қызметімен қош айтысқан еді. Компанияның баспасөз қызметі сол кезде С. Мыңбаев жағдайы туралы мынандай ақпарат таратқан:
«Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емдеу жүріп жатыр. Оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді».
Осыдан кейін Сауат Мыңбаевтың денсаулығы жайында жаңалық айтылған емес. Енді міне, арада үш жылдан астам уақыт өткенде Түркияның Измир қаласында Сауат Мыңбаевтың қызы үнді кәсіпкерінің ұлына тұрмысқа шыққан сәтінде экс-шенеуніктің арбада отырған суреті шықты.