Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реимова елде қалатын болды
Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова елде қалатын болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Блогер, қоғам белсендісі Жан Ахмадиевтің жазуынша, Бақыт Реимова Қазақстанда қалатын болды.
Сүйінші, Қазағым! Алла қаласа, Бақыт елде қалатын болды! Бас прокуратура, Парламент депуттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстанның халықаралық бюросы арқылы өтінішхат түсірген едік. Хат облыс прокуратурасымен назарға алынып, Бақыт Реймоваға қатысты Қазақстан Республикасының шекарасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге байланысты емес жаза қолдану үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына кассациялық наразылық келтіру туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсыныс жолданды. Енді прокуратураның наразылығын ЖС шегелеуі ғана қалды. Баршаңыздың қолдауларыңызға рақмет! деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Реимова халықты митингіге шақырғаны үшін айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамалып, одан соң шет елдің азаматы ретінде елден депортацияланатын болған еді.
Фото: Видеодан алынған