Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судың беті қайта бастады

Қоғам
Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судың беті қайта бастады

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169% толған.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. 

Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген. 

Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен, Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. 

Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. 

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу