ШҚО-да 6 орман және 12 дала өрті сөндіріліп жатыр

Өңірде құрғақ және ыстық ауа райының басым болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталуда

Арман Қайыпхан

  • 24.06.2024

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі бүгінгі күні облыста 6 орман өрті тіркелгенін, оның аумағы 0,3 гектарды құрайтынын хабарлайды. Сондай-ақ өңірде 39,4 гектарды қамтыған 12 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу мақсатында орманшылар, ШҚО ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы билік өкілдерінен тұратын 50 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

"Уақытылы жүргізілген алдын алу шараларының арқасында топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 31 тәртіп бұзушыны анықтады. Қазір облыста Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын аудандарында 2-дәрежелі өрт қаупі бар. 3-дәреже – Өскемен, Риддер, Күршім ауданы және Самар өңірінде", делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Облыс аумағында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің "Өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы" қаулысы бар.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- арнайы өрт режимі кезінде ормандарда болуды шектеңіз;
- ашық отпен абай болыңыз;
- отын жағуға болмайды;
- шөпті күйдірмеңіз;
- өрт анықталса, дереу 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған