Су тасқыны: БҚО-да баспана мәселесі толық шешілді

Бүгінде 250-ден аса отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді

Арман Қайыпхан

  • 21.08.2024

Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынған 100 жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Тамыздың басында тағы 14 үйдің кілті табыс етілген болатын. Осылайша, Сырым ауданында 114 үй салынды: Өлеңті ауылында – 40, Жымпитыда – 48, Бұлдырты ауылында – 25 және Көздіқара ауылында – 1 үй.

Айта кетсек, жаңа үйлер салынған Жымпиты ауылындағы шағын аудандардың бірі «Қазақстан халқына» деген атауға ие болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қоныс аударушыларды қуанышты шарамен құттықтады.

Қазақстан халқына» қоры президенттің тапсырмасымен құрылды және қиын-қыстау кезеңінде отандастарымызға жақын болу маңызды миссиясын іске асырады. Биыл еліміздің бірнеше өңірі алапат су тасқынынан зардап шексе, енді бүгін Сырым ауданында салынған жаңа үйлердің кілтін салтанатты түрде табыс етудеміз. «Қазақстан халқына» қорының қатысуымен еліміздің 5 өңірінің 20 елді мекенінде 627 тұрғын үй салынатынын атап өткім келеді. Бүгінде 257 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді. Біздің меценаттарымыздың және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, құрылысшылар мен «Қазақстан халқына» қорының бірлескен жұмысының арқасында Батыс Қазақстан облысында 114 жаңа үй салынды, - деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құрылысшыларға жоғары жұмыс қарқыны үшін және төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға қолдау көрсеткені үшін «Қазақстан халқына» қорына алғысын білдіріп, жаңа тұрғын үйлердің салынуы су тасқынынан зардап шеккендердің мәселелерін шешіп қана қоймай, Сырым ауданының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды барлық қажеттілікпен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты, біз табиғи апатқа ұшыраған БҚО тұрғындарының баспана мен тиісті ақшалай өтемақыларды уақытында алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұған меценаттар мен үкіметтік емес ұйымдар үлкен қолдау көрсетуде. Батысқазақстандықтарға арнап атсалысқаны үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына алғыс айтамын, – деді Нариман Төреғалиев.

Ауданы 80 шаршы метр типтік үйлердің құрылысы қор мен БҚО әкімдігі арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін басталды. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су басу қаупі жоқ аумақтарда жаңа үйлер салу үшін жер телімдерін анықтап, бөлді, сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етті. Облыс әкімдігі жергілікті қоғам белсенділерімен бірлесіп жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылауды және қадағалауды іске асырды.

Жалпы алғанда, су тасқынының зардаптарын жою аясында «Қазақстан халқына» қоры Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында 627 отбасына ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға 16,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2025
MalimBlocks
БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады