Су тасқыны: Қостанай облысында бүлінген 194 үйдің иелеріне жаңа баспана беріледі

Облыс әкімінің орынбасары облыстың оңтүстік өңірлерінде мал көп қырылғанын айтты.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов өңірде тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың шығыны қалай өтеліп жатқанын баяндады.

Облыстың екі қаласы мен төрт ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірлердің бәрінде зардап шеккендерге шығынды өтеу бойынша комиссиялар құрылды. Төлем туралы шешімді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүліктерді, малды бағалап, техникалық тексеру өткізгеннен кейін қабылдайды.

Бүгінгі таңда 353 нысан тексерілді. Оның ішінде 159 үй қалпына келтіруге жарамды. Олардың бүліну деңгейін бағаланғаннан кейін өтеуге жататын залал сомасы белгіленеді. Қалпына келтіруге жарамсыз 194 үй тіркелді. Олардың иелеріне жаңа баспана беріледі, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Облыс әкімінің орынбасары облыстың оңтүстік өңірлерінде мал көп қырылғанын айтты.

Ветеринариялық қызметтің мәліметі бойынша, су тасқыны салдарынан мал өлімі 951 басқа жеткен. Соның ішінде 214 бас малды бағалау аяқталды. Енді өтемақы беру мәселесі пысықталып жатыр.

Электр желілерінің 1414 бағаны, соның ішінде 52 жоғары вольтты тірек зақымдалған. Барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, бірақ шамамен 26 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатынсыз қалып отыр. Қазіргі таңда смета әзірленді, қажетті материал, тіректер әзірленіп жатыр.

Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілуде. Бүгінгі таңда біржолғы төлемге 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда, - деді әкімнің орынбасары.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025
MalimBlocks