Су тасқынына бөлінген ақшадан жемқорлар 1 млрд теңге жымқырып үлгерген

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 

Malim Админ

  • 23.04.2024

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады. Мұндай тапсырманы ведомство басшысы Дмитрий Малахов берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті. 

Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет, - деп тапсырды Д. Малахов. 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. 

ҚМА басшысы су тасқыны салдарды жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды. 

Осылайша, қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. 

Сонымен қатар, алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады. Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды. Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады. 

Сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады. Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Агенттік басшысы бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жандандыруды және ықтимал манипуляцияларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?