Су тасқынынан ежелгі Сарайшық қаласына қауіп төнді

Ондағы салынған бөгет қайта нығайтылып жатыр

Malim Админ

  • 12.05.2024

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысы Индер ауданының Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарында, сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет сайтының хабарлауынша, өңірде су тасқыны қаупі сақталып тұр. Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіден асып түсті. Жайық өзенінде су одан әрі көтерілейін деп түр. Барлық қауіпті аумақта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Табиғи апатпен күреске жергілікті тұрғындар, еріктілер және әр түрлі кәсіпорын қызметкерлері белсенді түрде атсалысып жатыр. 

Индер ауданында жер бөгеттерінің жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайды. Қорғаныс бөгеті Жасуат, Индербор, Құрылыс, Көктоғай, Өрлік, Есбол және Елтай елдімекендерінде салынған. Бұл жұмыстарға 40-тан астам арнайы техника, 300-ге жуық әскери қызметші және 100-ге жуық ТЖ қызметкері, оның ішінде Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. 

Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойында 17 елдімекен орналасқан. Оларды қорғау үшін 80 км жағалауды нығайтатын бөгеттер салынды. Ауданда бөгеттердің жалпы ұзындығы 105,8 км құрайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғаса бермек, оларға 130 арнайы техника, 650 әскери қызметші, 200-ден астам ТЖ қызметкері, 300-ге жуық ерікті мен жергілікті тұрғын тартылды. 

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Махамбет ауданының әкіміне ежелгі Сарайшық қалашығы маңындағы Жайық өзенінің бойындағы бөгетті тағы да қосымша көтеруді тапсырды. 

Ол үшін мұнда Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының жүздеген қызметкері мен ондаған техника тартылады. Біздің тарихи мұрамызды қорғауға және сақтауға жауапкершілікпен қарау қажет», — деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды