Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Берік Дәулетов

  • 17.05.2024

Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде басталған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгінгі таңда 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.

17 мамырдағы жағдай бойынша бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

Фото: ortcom.kz

Байланысты жаналықтар

Үкіметте салық-бюджет реформасы қаралды

23.01.2025

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

22.01.2025

«Экологиялық тәртіп қалыптастыру керек». Үкіметте «Таза Қазақстан» акциясы сөз болды

21.01.2025

Трамптың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылар пікірі  

21.01.2025

Қарағанды облысында лимфангит дертінен 300 жылқы қырылған

19.01.2025

Былтыр елімізде рекордты 18,9 млн ш.м. үй пайдалануға берілген

16.01.2025
MalimBlocks
Үкіметте салық-бюджет реформасы қаралды

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

«Экологиялық тәртіп қалыптастыру керек». Үкіметте «Таза Қазақстан» акциясы сөз болды

Экология министрлігіне заңнамалық түзетулер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді

Трамптың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылар пікірі  

Қарағанды облысында лимфангит дертінен 300 жылқы қырылған

Жылқы иелері шығынға ұшырадық деп шағымданып жатыр

Былтыр елімізде рекордты 18,9 млн ш.м. үй пайдалануға берілген

Үкіметте тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту бойынша кеңес өтті