Шымкентте 11-сынып оқушысы профессорды ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Медицина академиясының профессоры ауруханада көз жұмды.

Сабина Асқарқызы

  • 22.05.2024

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Бақыт Өтегенов 15 мамырда Шымкенттегі Айдын көшесінде соққыға жығылды. 11-сынып оқушысы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бес күннен кейін профессор Өтегенов ауруханада қайтыс болған.

Тергеушілердің айтуынша, 17 жастағы жігіт пен профессордың араларында жанжал болған. Артынша жас жігіт ата-анасының қамқорлығына берілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабының 3-бөлігі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалды, - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Биыл мектеп бітіруі тиіс болған оқушы 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ОҚО медицина академиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Өтегенов осы оқу орнында 20 жылдай қызмет еткен. Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеген.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды