Ұлттық қорды бұғаттатқан Стати жеңіліп қалыпты
Молдова олигархтары Анатол мен Габриель Статиді («Стати») жауапқа тарту ісінде Қазақстан түбегейлі жеңіске жеткенін Әділет министрлігі хабарлады.
2021 жылғы 16 қарашада Бельгияның Апелляциялық соты 530 миллион АҚШ долларына қатысты төрелік шешімді тану мен орындау шешімнің күшін жойды. Және Стати төрелік трибунал мен Швеция соттарын жаңылыстырды деген қорытынды шығарыпты. Соттың пікірінше, алаяқтық схема төрелік соттың жауапкершілік пен шығындарды өтеудегі қорытындыларына тікелей әсер еткен. King & Spalding заң фирмасы төрелікте Статидің мүддесін қорғаған және олардың жалған төрелік шешімдерін, соның ішінде Швеция мен Бельгияда тану және орындау бойынша дүниежүзілік әрекеттерін үйлестірген.
Бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулы алды, ол кейіннен 2019 жылғы желтоқсанда Бельгияның бірінші инстанция сотының қаулысымен расталды. Алайда, бұл екі шешім де Статидің алаяқтығының жаңа дәлелдерін қамтымайтын шектеулі фактологиялық базаға негізделген. 2020 жылдың қарашасында Брюссельдің апелляциялық соты Статидің қарсылығына қарамастан, алаяқтық туралы материалды толық көлемде ұсыну туралы Республиканың өтінішін қанағаттандырды.
Нәтижесінде апелляциялық сот Стати ауқымды алаяқтық схемаға қатысқанын және нәтижесінде төрелік шешім танылмауы немесе орындалмауы тиіс деген Қазақстан Республикасының позициясын растады. Бұл шешім Bank of New York Mellon-да сақталатын Қазақстан Ұлттық қорының 530 миллион доллардан асатын активтеріне уақытша тыйым салудың күшін жоюға алып келеді.
«Бұл Стати мен олардың сыбайластарына қарсы Республиканың көпжылдық күресіндегі маңызды шешім. Статидің алаяқтығы туралы Республика ұсынған материалдарды толығымен осы сот алғаш рет қарады. Қолда бар барлық дәлелдемелерді мұқият талдағаннан кейін Апелляциялық сот біздің елге, Статидің аудиторларына (KPMG), төрелік сотқа және төрелік шешімнің күшін жоюды қараған Швед соттарына қатысты Статидің алаяқтық жасағандығын растады. Бұл шешім Статиге ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби кеңесшілеріне де ауыр салдар туғызады. Бұл Статиге әлі де көмектесіп, олардың заңсыз схемаларына қолдау көрсететіндер, соның ішінде Даниэл Чапман мен оның Argentem Creek компаниялар тобы үшін «қайтарылмайтын» нүкте болуы тиіс. Әділет министрлігінің атынан Стати мен олардың барлық сыбайластары жауапқа тартылмағанша, біз өз ұстанымымызда тұратындығымызды хабарлаймыз», деді әділет министрі Марат Бекетаев.
Атап айтқанда, Апелляциялық сот Статидің келесі әрекеттерін жалған және жаңылыстыратын деп шешті:
-
Стати Қазақстандағы Tristan Oil, «Қазполмұнай» ЖШС және «Толқыннефтегаз» ЖШС компанияларының қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді жасау кезінде өздерінің KPMG сыртқы аудиторларын алдады.
-
2019 жылғы тамызда бұл есептіліктерге «сенім жоқ» деп KPMG «кері қайтарып алған» аудиторлық есептерге сүйене отырып, Стати төрелікте жалған қаржылық есептілікті заңдастырды.
-
Стати өздерінің компанияларының жалған қаржылық есептілігіне негізделген индикативті ұсыныс негізінде шығындар үшін өтемақы алды.
-
Стати төрелікте өздеріне тиесілі Perkwood компаниясының шынайы мәртебесін ашпай, төрелік барысында олардың Қазақстандағы жобасына арналған жабдықтардың негізгі жеткізушісі болып табылатын тәуелсіз үшінші тарап ретінде жалған түрде ұсынды.
-
Бұл ақпаратты Статидің ашпауы Қазақстанда газ өңдеу зауытын салу шығындарымен манипуляциялаған Статидің алдау схемасының нәтижесі болды, енді KPMG бұл олқылықтың елеулі бұрмалау болып табылатынын растады.
-
Стати арбитражда олардың бұрынғы қаржы директоры Артур Лунгу жалған деп растаған құжаттарға, оның ішінде KPMG кешенді тексеруі туралы есеп, ақпараттық меморандум және қаржылық есептерге сүйенді.
-
Стати Қазақстандағы инвестицияларының бар екендігін және заңдылығын көрсету үшін олардың қаржылық есептілігінің болжамды «шынайылығын» «Big Four» жататын аудиторлық компания тексерді деп төрелікте мәлім етті. Алайда, аудиторлық компаниясын алдағанын ашқан жоқ