ҰҚК Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері туралы ескерту жасады

«Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген

Арман Қайыпхан

  • 31.05.2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-өзбек шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

12 ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының мезгіл-мезгіл жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» өткізу пунктінде жол төсемінің салынуы мен кеңейтілінуіне байланысты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Қапланбек» өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жеткіземіз, - делінген хабарламада. 

Өз кезегінде, «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген.

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп хабарлады ҰҚК.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

25.04.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда қанша генерал бар?

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады