«Ұрлықшы қылғысы келді». Жетісулық азамат полицияны кінәлап, өзіне қол жұмсады

Malim Админ

  • 05.03.2025

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 27 жастағы Азат Құдайбергенов өзіне қол салды. Марқұм өзіне қол жұмсамас бұрын өліміне полиция қызметкері кінәлі екенін айтып, хат жазып қалдырған. Бұл туралы Orda.kz-ке сілтеп, Malim.kz хабарлайды.

Оқиға ауылдағы дүкеннің сейфінен шамамен 300 мың теңге ақшаның жоғалуымен басталған. Полиция ұрлық жасады деген күдікпен оқиғадан 10 күн бұрын сол жерден жұмыстан шығып кеткен марқұм Азат және оның бауыры Сағат Құдайбергеновтерді ұстаған.

«Оларға ұрлаған адамның кім екені маңызды болмады. Полиция 19 ақпан кешке бізді тергеуге шақырды. Таңға дейін ұстады. Қорқытты. Оларға тергеу қажет болған жоқ, оларға айыптайтын адам керек болды. Біз ұрлыққа қатысымыз жоқ екенін, тіпті дүкенде болмағанымызды түсіндіруге тырыстық, бірақ оларға бәрібір болды. Олар дәлел іздеген жоқ. Бізге мойындатқысы келді», – дейді Сағат Құдайбергенов.

Марқұмның бауырының айтуынша, тергеу кезінде бөлмеге Олжас есімді полиция қызметкері кірген.

«Тергеу кезінде кабинетке Олжас есімді полицей кірді. Бір кездері Азат екеуінің арасында жанжал болған, сол үшін кек сақтап қалғандай көрінді. Ол бізге үкім шығарып қойғандай: “Сендер ұрладыңыздар. Мен сендерді түрмеге отырғызамын” деді”, – дейді Самат.

Осындан кейін ағайындылар таңертең Кербұлақ аудандық полиция бөліміне қайта келулері керек болған. Бірақ Азат бауырына қоңырау соғып, полиция бөліміне бармайтындарын айтып, басқа жерге келуін өтінген.

«Таңертең маған Азат қоңырау шалды. Дауысы ерекше сабырлы болды. Ол полицияға бармайтынымызды айтты. Ал кейінірек, сағат 11:00 қайта қоңырау шалып, “Жылдам көлге кел. Әкемізді ала кел. Тек жалғыз келме“ деді. Мен қорқып кеттім, не боп жатқанын сұрадым, бірақ ол тек бір “жалғыз келме” деп жауап берді”, – дейді марқұмның бауыры.

Кейін әкесімен бірге ауыл шетіне келген Самат ағасының асылып қалғанын көрген. Электр бағанасына асылып қалған Азатты әкесі мен бауыры жүрге түсіріп алған. Кейін марқұмның бас киімінің ішінен хат табылған.

“Данияр аға, камераны ашып, жазбаларды қараңыз. Сағат кінәсіз. Оның және өз отбасымның атымен мен бұл шындықты өлімімен дәлелдеймін. Анашым, мені кешірші. Сенің ақымақ ұлың осындай жолмен кетті. Анашым, менің төрт балам – енді сендерге аманат. Әке, егер мен сені қашан да ренжіткен болсам, кешір. Екі қарындасым, шеккен азап үшін кешіріңдер. Анашым, мен бұл жаланы көтере алмаймын. Анашым, маған Октябрьдің ұлы – Олжас тиісті. Ол маған: “Мен сені бәрібір түрмеге отырғызамын“ деді. Ал кеше бізді Сағатпен бірге Бағдат есімді жігіт тергеді, ол адал, менің өліміме кінәлі емес. Мынаны адамдарға көрсетіңіздер!”, – делінген марқұмның хатында.

Сағаттың айтуынша, оқиға орнына бірінші болып, полицейлер емес, неге екені белгісіз, хатта аты аталған Олжастың әкесі Октябрьдің өзі келген. Азаттың анасы Гүлбағиза Оңғарбаева ұлының денесінде ұрып-соғу іздері болғанын айтады.

«Оның ерні жарылып кеткен. Шынтақтарында көгерулер мен сызаттар болды. Мен оны полицияда ұрып-соққанына сенімдімін. Ол шыдамай, ақыры осы шешімді қабылдады, оның ойынша, бұл оның кінәсіздігін дәлелдеп, осы бассыздықты тоқтатуға көмектесетін жалғыз жол болған шығар», – дейді марқұмның анасы.

Кербұлақ аудандық полиция бөлімі Азат есімді жас жігіттің денесін жоғары вольтты бағананың астында арқанмен асылған күйде тапқанын хабарлады. Қылмыстық іс “өзіне қол жұмсауға жеткізу” бойынша қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Фото: Орда

Байланысты жаналықтар

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025
MalimBlocks
Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады