ХҚКО сенімгерлік басқаруға беріле ме?

Енді кәсіпкерлер серіктестікке өтінім беріп, жекеменшік қызмет көрсету орталықтарын аша алады

Мадина Қайнарова

  • 29.10.2024

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО-ның кейбір қызметтерін жеке меншікке беру туралы шешім қабылдады.

Енді кәсіпкерлер серіктестікке өтінім беріп, жекеменшік қызмет көрсету орталықтарын аша алады. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұған дейін ХҚКО құру мүмкіндігі банктермен, Қазпошта және жекелеген нотариустармен шектелген болатын. Алайда ауылдық жерлерде филиалдар сирек ашылатын. Шалғай аудандардың тұрғындары анықтама алу үшін аудан орталықтарына немесе қалаларға баруға мәжбүр болды. Енді кәсіпкерлер шалғай елді мекендерде осындай орталықтар құра алады.

Бұл ретте мемлекеттік корпорация серіктестер қазақстандықтардың жеке деректеріне қол жеткізе алмайтынын атап көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру дербес ақпаратқа қол жеткізуді бақылай отырып, ХҚКО жүйесі арқылы өтетін болады. Серіктестер тек құжаттарды қабылдаумен және берумен айналысады, ал оларды өңдеу процессі мемлекеттік органдарда қалады.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 28 қазанынан 8 қарашаға дейін жалғасады. Серіктестіктің үш түрі ұсынылады:

• Мемлекеттік корпорация агенті – жасаған қызметі үшін ақы алу мүмкіндігімен Мемлекеттік корпорация атынан мемлекеттік қызметтерді көрсету;

• Жүйе серіктесі – мемлекеттік қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсететін жеке орталық құру;

• ХҚКО-ны сенімгерлік басқаруға алу – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жоғары сапада көрсету мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығын басқару.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдан бастап ХҚКО қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындау құқығымен мемлекеттік қызметшілерге ұқсас мәртебеге ие болды. Заңнамалық өзгерістер азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін олардың жауапкершілігін күшейтті.

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» ММ

Байланысты жаналықтар

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

01.04.2025

Паспорт пен жеке куәлік енді терминалмен берілуі мүмкін

17.01.2025

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

01.12.2024

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

29.09.2024

Түркістан облысында кәсіпкер жердің құнарлы қабатын сыдырып алған

28.09.2024

Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ын тексеру басталды

14.03.2024
MalimBlocks
Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуірдің аяғына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады​​​​​​​

Паспорт пен жеке куәлік енді терминалмен берілуі мүмкін

Құжат жобасы жария талқыға ұсынылды

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

Себебі, ЕО-мен келіссөзді тоқтатып, наразылықты күшпен басқанын айыптайды

Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

Ол елді жер телімі мен пәтер алып беретін болып алдаған

Түркістан облысында кәсіпкер жердің құнарлы қабатын сыдырып алған

Сот шешімімен жер мемлекетке қайтарылды

Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ын тексеру басталды