Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

Арман Қайыпхан

  • 09.04.2025

Қазақстанда 21 жасқа толмаған азаматтарға ресми келісімсіз несие берілмейтін болады. Бұл түзету қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға енгізілді, оны Мәжіліс қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтарға тек Egov порталы арқылы рәсімделген келісімнен кейін ғана несие беріледі.

Сондай-ақ, жаңа заң қабылданғаннан кейін мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге несие мен микрокредит беруге тыйым салынады. Бұдан бөлек, кепілсіз тұтынушылық онлайн несиелерге "суыту кезеңі" енгізіледі – бұл кезең 24 сағатты құрайды.

Банктер алаяқтық белгілері бар транзакциялар анықталған жағдайда, банк шотынан қаражат шығару операцияларын тоқтата тұру бойынша қосымша өкілеттіктерге ие болады.

Экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша кемінде үш айға айыппұлсыз кейінге шегеру беріледі, ал ай сайынғы төлем 50 пайызға және одан да көп мөлшерде төмендетіледі.

Сондай-ақ, банктік несиелерді бөліп немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде жеке тұлғалардан айыппұл алу алынып тасталады.

Ал микрокредиттер бойынша кез келген айыппұлдар алуға тыйым салынады (микрокредитті қайтармағаны үшін алынатын айыппұлдан басқа).

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады