Жаңаөзенде қысқартылған жұмысшылар далада түнеп шықты

Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның алдына "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС-нің жүз қаралы адам жұмысшысы жиналып, талап қойып жатқаны туралы ақпарат тарады.

  • 05.04.2023

Әлеуметтік желіде жария болған бейнежазбада Жаңазендегі мұнай компаниясының бас ғимараты алдында ондаған адамның түн ішінде далада түнеп жатқаны анық көрінеді.

Жаңаөзен тұрғыны тілшіміздің сауалына жиналған адамдар қарасының көп екенін жеткізді. Алайда олардың неліктен ереуілдетіп жатқан себебін білмейтінін атады.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Нұрдәулет Қилыбай жағдай бойынша мәселенің шешу жолдары қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, талап қойғандардың жайы жақын уақыттары толықтай шешімін табатын болады.

Жаңаөзен қаласындағы «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-нің 100-ге жуық қызметкеріне жұмыс берушілер 3 сәуірінен бастап жұмыстан шығару процесі басталатынын алдын ала хабарлаған. Оған «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен арадағы ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі шарттың мерзімінің аяқталуы себеп болып отыр. Алайда қызметкерлер өздерін одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесін, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның штатына ауыстыру арқылы шешуді талап етуде.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтаудағы өкілдігі «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС қызметкерлерінің наразылығына қатысты түсініктеме берді.

«Биылғы ақпан айының 15-де  "Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымаларды жерасты жөндеу жұмыстарына» қатысты 4 лот бойынша ашық тендер жариялады, «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС 2 лотқа өтінім берді. Қорытындыларды қайта қарау хаттамасы бойынша 4-ші лот бойынша тендердің жеңімпазы болып «КезБи» ЖШС танылды. Аталған мекеме өз қызметтері үшін төмен баға ұсынды”, - деп жазылған өкілдік таратқан ресми хабарламада.

Конкурстың жеңімпазы «Кезби» ЖШС еңбек жағдайларын сақтай отырып, «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-нің босатылған қызметкерлерді штатқа қабылдауға дайын екенін хабарлады. Алайда, 2 сәуірде «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-нің 80 қызметкері өндірістік базаға жиналып, өздері жұмыс істейтін компанияны тендердің жеңімпазы деп тануды талап еткен көрінеді. 

Ал 4 сәуір күні серіктестіктің жұмыстан босатылған 100-ге жуық қызметкерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдына жиналып, ҚР Президентінің атына бейнеүндеу жолдады. Олармен «КезБи» ЖШС-нің заңгері және кадр бөлімінің басшысы кездескен. Конкурс жеңімпазы болып танылған компания «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-де жұмыс істеу кезеңінде жасалған шарттармен жұмысқа шақырғанымен, наразылық білдірушілер ол талапты қабылдамай отыр.

Кеше түнде жиналғандармен Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары және прокуратура өкілі кездесіп, түсіндіру әңгімесін өткізгені айтылды. Соған қарамастан сәуірдің 4-нен 5-не қарағанда түнде серіктестіктің 40-қа жуық жұмысшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның алдында түнеп шықты.

Таяуда Маңғыстау облысының Жетібай кентінде екі жүзден астам жұмыссыз тұрғын мұнай компаниясына жұмысқа орналастыруды талап етіп, жолды жапқан болатын. Бірнеше күн бойы ереуілдеткен топпен жергілікті әкімдік келіссөз жүргізудің нәтижесінде наразы топ тараған болатын.

Байланысты жаналықтар

Аштық жариялағандарды ақылға шақырды

03.05.2023

Ақтаулық ақын «Өзенмұнайгазға» заңсыз жұмысқа тұрған

28.04.2023

Жұмысшылары ереуілге шыққан компанияларды тергеу басталды

21.04.2023

Жаңаөзен қырғынына ұласқан ереуілге тоғыз жыл толды

27.05.2020
MalimBlocks
Аштық жариялағандарды ақылға шақырды

Бүгін Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимарат сыртында бір топ азамат аштық жариялайтындарын мәлімдеп әлеуметтік желіге видео, фото таратты.

Ақтаулық ақын «Өзенмұнайгазға» заңсыз жұмысқа тұрған

Ол кезекте тұрған 9000 адамнан аттап өткен

Жұмысшылары ереуілге шыққан компанияларды тергеу басталды

Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "БерАли Мангистау Company" ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Жаңаөзен қырғынына ұласқан ереуілге тоғыз жыл толды