Жаңаөзендегі ереуіл: «ҚазМұнайГаз» мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан

  • 04.12.2024

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ-дағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылы 12 қарашада «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты (бұдан әрі – ӨМГ) Бұрғылау жұмыстары басқармасы (БЖБ) қызметкерлерінің кәсіподағы рұқсатсыз акция ұйымдастырып, бірқатар талап қойғаны белгілі.  Өзенмұнайгаз басшылығы БЖБ жұмысшыларымен тұрақты түрде келіссөз жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, 2024 жылы 3 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырды. Келіссөз қорытындысы бойынша хаттама жасалды:

1. Рұқсатсыз акцияға қатысқан БЖБ қызметкерлері толық құрамда жұмысқа шығуы керек.

2. Хаттаманың бірінші тармағы орындалған жағдайда, жұмысшыларға ҚМГ және ӨМГ тарапынан тәртіптік жаза қолданылмайды;

3. Барлық қойылған талап ҚР заңнамасына сәйкес бітімгерлік комиссия отырысында қаралсын.

Хаттама рұқсатсыз акцияға шыққан жұмысшылардың назарына жеткізілді. Алайда, ӨМГ БЖБ кәсіподақ төрағасы оған қол қоюдан бас тартты.

ҚР заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары үшінші тұлғалардың араласуынсыз тікелей жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында реттелуі тиіс екенін хабарлаймыз.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ осыған дейін әр талап бойынша толық түсініктеме берген болатын. Мысалы, ӨМГ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балалары компанияның штатына тікелей алынса, 2020 жылы бекітілген жұмысқа орналасу алгоритмін бұзады. Алгоритмге сәйкес ӨМГ зейнеткерлерінің балалары мен жұмыссыз азаматтар тең дәрежеде жұмысқа қабылданады. Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады, - деп мәлімдеді ұлттық компания.

Сондай-ақ, ҚазМұнайГаз компаниясы ӨМГ қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы толық ақпарат берді.

ӨМГ мен үш кәсіподақ арасындағы ұжымдық шарт 2024 жылы 25 сәуірде жасалды. Ұжымдық шартқа сәйкес ӨМГ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 44 млрд теңге қарастырылған, соның 5 млрд теңгесі (11%) компанияның Бұрғылау жұмыстары басқармасына арналған. ӨМГ-де жақсы еңбек жағдайы жасалған деп есептейміз, әрбір қызметкерді әлеуметтік қолдауға жыл сайын 3,8 млн теңге бөлінеді. БЖБ жұмысшыларын жұмысқа шығуға және келіссөзді бітімгерлік комиссия аясында жүргізуге шақырамыз, - деп мәлімдеді ҚМГ.

Фото:depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 5 жылға сотталды

21.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама құру ұсынылды

21.05.2025

Инклюзивті қоғам: 108,9 мың адам жұмыспен қамтылды

21.05.2025

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025
MalimBlocks
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 5 жылға сотталды

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама құру ұсынылды

Инклюзивті қоғам: 108,9 мың адам жұмыспен қамтылды

Инклюзивті кабинеттер ашу мәселесі де маңызды міндеттердің бірі

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады